Астанада көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылған. Марқұмның анасы әлеуметтік желіде үндеу жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видеода марқұмның анасы баласын белгісіз біреулер өлтіріп кеткенін айтқан.
«Төрт адам 19 жасар ұлымды өлтіріп, тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберді. Заң қайда? Бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар қалмайды. Төрт балам бар. Балам темекі шекпеген, ішпеген. Ол академияда оқыды. Ал қазір оны ішіп отырғандай етіп көрсеткісі келеді. Мен кінәлілердің заң бойынша жазаланғанын қалаймын», деді марқұмның анасы.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 13 қазанда көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған. Марқұмның жеке басы анықталып, адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.