Жаңаөзен қаласының прокуратурасы экология заңнамасының сақталуына талдау жүргізу аясында «SAAT Group» ЖШС-мен мұнай құбырларын тазартуға қолданылған сұйықтықтың топыраққа төгілу фактісін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маңғыстау облысының прокуратурасының хабарлауынша, зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша алынған топырақтың эксперименттік сынамаларында мұнай өнімдерінің іздері табылған.
Қала прокуратурасының актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы 4-бөлігі, 332-бабы 1-бөлігі және 337-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 4 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.