• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Қазан, 2024

Жауын-шашын, көктайғақ: Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

160 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 17, 18 және 19 қазанға арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ықпалынан жауын-шашын күтіледі: 17 қазанда оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қар түрінде жауын-шашын; Батыс аймақтарда жаңбыр күтіледі, 18 қазанда қатты жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды.

Елдің солтүстік облыстарына ғана суық антициклон ықпалын тигізеді, бұл жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды және ауа температурасының жоғарылауына әкеледі, республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, таулы аймақтарда көктайғақ болады.