Оқиға 17 Қазан, 2024

Алматыда жер сілкінді

211 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 16 қазаннан 17-сіне қараған түні сағат  03:23-те жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан. Министрлік жер сілкінісінің күші Алматы қаласына 2 баллдық дәрежеде сезілгенін мәлім етті.Ведомоствоға зардап шеккендер мен нысандардың қирауы туралы ақпарат түспеген.