«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатысушы астаналықтарға бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттары берілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ашық НҚА» порталында «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылар үшін 1,5 млн теңгенің тұрғын үй сертификаттарын беру туралы шешім жобасы жарияланды.
Бұл сертификатты мемлекеттен баспана алуға кезекте тұрған азаматтар ғана ала алады.
Атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтары.
Жоба 31 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.