• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қазан, 2024

СҚО-да 4 күн ішінде 23 мас жүргізуші анықталды

98 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері төрт күн ішінде облыс жолдарында 23 мас жүргізушіні анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14 қазаннан бастап облыс аумағында «Мас жүргізуші» ЖПІШ өткізіліп жатыр. Оған 400-ге жуық патрульдік полицияның, учаскелік полиция инспекторы және өзге де полиция қызметтерінің қызметкерлері қатысып жатыр.

«Жол қауіпсіздігін нығайту бойынша күшейтілген жұмыстың түбегейлі маңызы бар. Өткен жылмен салыстырғанда оң өзгеріске қол жеткізілді. Өткен жылы 9 айда мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 5 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Жыл басынан бастап мас автокөлік жүргізушілері 13 жол-көлік оқиғасының себепкері болды, онда 16 адам жарақат алды», деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

4 күн ішінде облыс жолдарында мас күйінде 23 жүргізуші ұсталды. Барлығы 1295 түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде жылдамдықты асырудың 148 фактісі және жаяу жүргіншілерге көлік қозғалысына артықшылық бермеудің 37 жағдайы анықталды.