• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2024

Түркістан әуежайында қос азаматтығы бар шетелдік ұсталды

116 рет
көрсетілді

Түркістан әуежайында 71 жастағы Германия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Түркістан-Стамбул рейсіне тіркелу кезінде 71 жастағы Германия азаматы Қазақстанның азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған. Тексеру барысында оның Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының азаматтығын алғаны анықталған.

«Көлік полицейлері құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама жасады. Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік соты оны кінәлі деп танып, 140 АЕК (516 880 теңге) айыппұл салды», делінген хабарламада.