• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2024

Алматыда Орталық-Азиялық BeWoman форумы аяқталды

76 рет
көрсетілді

Алматыда көшбасшылық, инновация, әлеуметтік ілгерілеу мен теңдік сынды өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарған, ерекше табысты да көрікті тұлғалар алаңына айналып үлгерген Орталық-Азиялық BeWoman форумы да мәреге жетті. Үш мыңдай адам қатысқан биылғы жиынға 12 мемлекеттің әйел-көшбасшылары, кәсіпкерлері мен қоғам қайраткерлері келіп, 95 сарапшы сөз алды.

 

Отандық кәсіпкер, меценат әрі BeWoman форумының негізін қалаушы Жанна Кан: «Форумның үлкен мақсаттары мен міндеттері бар. Біз әйелдердің бірігуі мен бір-біріне көмек бергенін қалаймыз. Біз оны дұрыс көрсету үшін – «Орталық Азияның әйелі – ол қандай?» екенін анықтап айтайық. Орталық Азияның Әйелі білімді, ілгерішіл, эмпатикалық, дәстүрді сыйлайтын, ол тағы ана, жар, қыз, келін, және т.б. Сонымен қатар ол табысты бизнес-вумен, ол қоғам қайраткері болуы мүмкін, егер ол осы айтылғандардың бірін де жүк деп таппаса, онда оған міндет сияқты, еңбек деп қарамайды, ал оның таңдауы – ең бастысы өзі тұрып жатқан ортада өзін жақсы сезінуі. Ал өзі өмірге әкелген балаларын жарқын болашақ күтіп тұрады», деді.

Сонымен қатар экономикалық дамуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын жүзеге асырғаны үшін Жанна Кан «Адал еңбегі мен жеке үлесі үшін» марапатына ие болды. Марапатты «Жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі Президент саясатына көмектесу орталығы» төрағасының көмекшісі Арнұр Әбсейітов табыстады.

Форумда онлайн сөз алған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Аида Балаева елдің тұрақты дамуындағы мемлекет пен әйелдер ұйымдары арасындағы өзара әрекеттестіктің маңыздылығын атап өтті.

Аида Балаева елдің тұрақты дамуындағы мемлекет пен әйелдер ұйымдары арасындағы өзара әрекеттестіктің маңыздылығына тоқтала келе: «Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауда тұжырымдамалық шаралар қатарын қабылдады. Бұл жауапкершілікті біз халықаралық құжаттарға қол қоя отырып, өзімізге алдық. Қазақстан халқының 51 пайызы әйелдер. Бұл өте зор күш. Соңғы жылдары еліміз гендердік теңдікке қатысты маңызды қадамдар қатарын жасады. Осы орайда мемлекет басшысының саясаты маңызды рөл ойнайды. Қазақстан Президенті бастамасымен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін жетілдіру саласында заңнамалық реформалар да жүргізілді.

Партия сайлауы тізіміне мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен жастардың 30 пайыздық квотасы енгізілді. Шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу туралы міндет қойылды. Әйелдерге арналған мамандықтарға тыйым салынған тізім жойылды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жазалау күшейтілді.

Биыл біз 2024-2027 жылдарға арналған әйелдер мен ер-азаматтар мүмкіндігі мен құқықтарын теңестіруді қамтамасыз ету және жетілдірудіңәрекеттері жоспарын қабылдадық. Отбасылық-демографиялық саясаттағы әйелдер құқын қорғау саласындағы мәселелерді шешу үшін Президент жанынан билік өкілдері мен азаматтық қоғамды біріктіретін Ұлттық комиссия жұмыс істейді.Қазақстанның әйелдері бүгінде мемлекеттік биліктің барлық саласында кездеседі. Жаңа технологиялар мен цифрландыруды енгізуге де белсенді қатысып жатыр. Әйелдер спорт шебері де, сол сияқты сирек кездесетін мамандықтардың да иелері.

Бүгінде Парламентте жалпы депутаттар санының 20 пайызын құрайтын 29 әйел бар. Әйелдер сондай-ақ мемлекеттік биліктің жоғарғы жетекшілік қызметтерінде де отыр. Мемлекеттік қызметкер-әйелдер 50 пайыздан астам саналады. Қазақстан әйелдері бітімге келтіруші және бақылаушы ретінде бейбітшілікті қолдау жөніндегі БҰҰ өкілдіктеріне қатысады. Еліміздегі әрекет етуші шағын және орта бизнес субъектілерінің 43 пайызын әйелдер басқарады.

Тәжірибе көрсеткендей, гендерлік тепе-теңдік бар жерде көп жағдайда дұрыс шешімдер қабылданып жатады. BeWomen сияқты алаңқайдағы жұмыстар аймақтардағы әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейтумен байланысты өзгерістерге әсер етеді»,  деді.

Есте қаларлығы, форумға Қазақстанның барлық өңірінің облыс және қала әкімдерінің гендерлік теңдік мәселесі жөніндегі 25 штаттан тыс кеңесшілері алғаш рет жиналды.                  

Тележүргізуші және журналист Ксения Собчак өз тәжірибесі мен көңілге түйгендері негізінде байланыстың басты шарттары туралы  «Диалог өнері: сені тыңдау үшін қалай сөйлеу керек?» қысқа-дәрісін оқыды.

Форум спикері атап өткендей, қазақстандық филантроп, эколог, қоғам қайраткері, «Сәби» қайырымдылық қорының президенті, Орта-Азиялық экологиялық зерттеулер институтының негізін қалаушы және жетекшісі Асел Тасмағамбетова: «Мен қайырымдылықты әспеттеуге қарсымын. Адамдық үш қасиет – рақымдылық, мейірімділік және адамсүйгіштік біздің әрқайсымыздың жүрегімізде бар. Жақсылық жасау – бұл әр адамның ішкі қалауы. Қайырымдылықтың көлемі маңызды емес. Баспалдақ алаңындағы зейнеткерге көмектесесіз бе, әлде тұтастай зейнеткерлер қорына көмектесіз бе, бұл маңызды емес. Қайырымдылықпен айналысу – қалыпты жағдай».

Анита Цой атап өткендей: «Адам өмірінің үлесіне тиетін ең қиын сынақ – бұл денсаулық,  кейде сен өзіңді жаман сезінгенде, дұрыс түсінсеңіздер екен, басыңды көтере алатын күш табу керек. Бәрінен бұрын, ем алуға көңілді аудару. Ия, шындығында, менің екі рет омыртқа жотам сынды. Содан жүре алмай қалдым. Сонда мен ат спорты бойынша спорт шеберлігіне үміткерді бекіттім. Сынақ – бұл маңызды тақырып, оны өмірде бастан өткізе білу керек. Ең бастысы, ешқашан өзіңіздің дұрыс жасап жатқаныңызға күдік келтірмеңіз. Сосын өзіңізді азырақ аяған дұрыс».

BeWoman форумының тағы бір форматы – сұхбат болды. Сұрақ-жауап сессиясында көпбалалы ана, «РВБ» ЖШС басшысы, Wildberriesмаркетплейсінің негізін қалаушы Татьяна Ким анаболу мен өзін дамытудың арасындағы өзінің оңтайландыру тәсілін айтып берді.

BeWoman форумы ерекше көңілді ұзақ жасау мәселесіне аударды. «Жаста шек жоқ» сарапшылық сессиясының спикерлері алдыңғы буынға арналған  жобалар мен бастамаларды қолдаудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті.

Ұзақ жасау тақырыбын BeWoman форумының хэдлайнері, танымал модель, диетолог, бестселлерлер авторы, алдында Senior Club белсенді ұзақ жасау орталығында болған Мэй Маск жалғастырды: «Ешқашан өзіңе қамқорлық жасауды тоқтатпау керек, белсенді болып, өзін-өзі дамытқан жөн. Мен Қазақстанда алдыңғы буын өкілдеріне бөлінетін керемет көңілді, олардың белсенділігінқолдайтынын көргеніме қуаныштымын», деді.

Форумның тағы екі алаңқайында белгілі спикерлердің, көшбасшылар пікірлері мен инфлюенсерлермен ауқымды бағдарлама таныстырылды. «Tomiris» сахнасында тыңдармандар жедел және классикалық білімді таңдау жайлы талқылаудың куәсі болды, биохакинг туралы аңызды әңгіме етті, балаларды тәрбиелеу әдістерін, сондай-ақ бизнестегі әйелдердің артықшылықтары мен басымдықтарын талдады.

Ал бүгін форумның арнайы қонақтарының қатысуымен жабық бранч өтті, бұдан бөлек BeWoman спикерлері Мария Карбан мен Елена Клековкина (Сколково басқару мектебі көшбасшылықты дамыту орталығының директоры) «Рахаттануға 100 жыл! Орнықты жеке стратегияны қалай құру керек?» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізді.

 

АЛМАТЫ