• RUB:
    5.04
  • USD:
    485.04
  • EUR:
    525.98
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесі өтеді

25 рет
көрсетілді

Қазанның 18-і күні сағат 17.00-де Астанадағы Mega Silk Way сауда-сауық орталығында Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтті. Бұл көрме Explore Jana Qazaqstan командасының National Geographic Qazaqstan редакциясымен бірлесіп,  биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында ұйымдастырған 5 экспедициясының нәтижесінде дайындалған. Аталған экспедицияға Honor қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Экспедиция мақсаты Қазақстанның туристік өңірлерінің әлеуетін ең үздік отандық фотографтар мен саяхатшы блогерлердің фотоаппараттары мен видеокамераларының обьективі арқылы паш етіп, ішкі туризмді дамытуға қосымша серпін беруді көздейді. Соған орай, команда мүшелері еліміздің Түркістан, Алматы, сондай-ақ шығыс пен батыс өңірлерінде болып, байтақ Отанымыздың алуан айшықты тұмса табиғатымен танысқан. 

National Geographic Qazaqsan редакциясы осы сапарлар барысында түсірілген 2500-ден астам фотосуреттің ішінен Honor 200 pro телефонымен айшықталған  ең үздік 15 суретті іріктеп, көрмеде ұсынып отыр.

Ұланғайыр жеріміздің тамаша табиғатының ғажайыптарын көрсететін көрме 18 қазаннан 7 қарашаға дейін жалғасады. 

Байланыс телефондары: +7 7078282636, Нурсултан