• RUB:
    5.04
  • USD:
    485.04
  • EUR:
    525.98
Басты сайтқа өту
Дін Кеше

Қажылық - 2025: Келесі жылға Қазақстанға қанша орын бөлінді?

30 рет
көрсетілді

Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі 2025 жылғы қажылық маусымы үшін Қазақстанға 10 мың қажылық орнын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚМДБ баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қазақстандықтардың қажылық сапарын арнайы байқаудан өткен 15 туристік компания ұйымдастырады.

ҚМДБ мәліметінше, туроператорлар арасындағы байқауға 21 компания құжаттарын ұсынған. Алайда, олардың үшеуі лицензиясының болмауы және дұрыс еместігі үшін байқауға жіберілмесе, тағы үшеуінің тәжірибесі әлі 5 жылға толмағаны анықталған. Бұл байқау талаптарына қайшы.

- Туроператорлардан келген өтініштер мен талап етілген құжаттар ортаға салынып, әрқайсысы мұқият қаралды. Комиссия мүшелері жоғарыдағы ережеге сүйене отырып туроператорларды балдық жүйемен бағалады. Конкурстан өтіп, Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігіне қарасты қажылықтың электронды жүйесіне ресми тіркелетін 15 туроператор жинаған қажылары мен қаржылық мүмкіншілігіне қарай қажылық орындарын алады, – делінген ҚМДБ хабарламасында.

2024 жылы Қазақстаннан 5081 адам мұсылмандық парызын өтеген еді.