Уақытша шектеулер 20 қазан түнгі сағат 23:00-ден 21 қазан таңғы сағат 06:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысында енгізіледі.
Себебі LRT-ның 112-113 аралығындағы құрама қорап аралықтарына бетон құю жоспарланып отыр.
«Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.