• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 21 Қазан, 2024

Астанада мыңнан астам кәсіпкер экоакцияға шықты

130 рет
көрсетілді

Елордада Республика күні қарсаңында және «Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті, оған мыңнан астам кәсіпкер қатысты деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ кәсіпкерлердің экология мәселелеріне жауапты көзқарасын ілгерілетуге бағытталған.

Іс-шараға Mega Silk Way, Asia Park және Keruen сияқты ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының, сондай-ақ Ailand ойын-сауық орталығының өкілдері қатысты. Оларға №1 Индустриялық парк кәсіпорындарының қызметкерлері, оның ішінде «MetalFormer», «Digital System Servis» және «DAT KZ» ЖШС қосылды.

Кәсіпкерлер өз аумақтары мен іргелес учаскелерін тазалауды ұйымдастыра отырып, акцияны белсенді қолдады. Қала кеңістігін қоқыстардан тазартты, тәртіпті қалпына келтірді және қалалық ортаны абаттандыруға ықпал етті.

«Бұл іс-шара бизнестің экологиялық жауапкершілігін ілгерілету мен тазалық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болды. Кәсіпкерлер басқа компаниялар мен ұйымдар үшін оң үлгі көрсетті», деп атап өтті Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Әділ Қапсалямов.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жасалуда.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, елордада «Taza Astana» жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.