Ақтау қаласының тұрғыны террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК хабарлауынша, 19 қазанда Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енген. Ақтау қалалық соты жергілікті тұрғынды 18 жылға бас бостандығынан айырған.
Ол зорлық-зомбылық жасау үшін жарылғыш құрылғыны жасауға қажетті құрамдастарды, оның ішінде жойғыш элементтерді – болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталған.
Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын таңдап, оны фото-бейне жазба арқылы зерттеген.
Айта кетейік, сотталушы бұрын адам өлтіргені үшін сотты болған.