Армения Президенті Ваагн Хачатурян Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Ұлттық музейіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Армения Президентіне музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, қазақ халқының тарихы мен мәдениеті таныстырылды. Хачатурян мырза көне түркі жазуына, Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» олжасына қызығушылығын танытты және мәдениетарлық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ереван қаласында Ұлттық музей көрмесін өткізуді ұсынды.
Ваагн Хачатурян музейге алғысын білдіріп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.