Соңғы жылдары елдегі саяси ландшафт жалған белсенділер мен саяси алаяқтардың қызметіне байланысты жаңа сын-қатерге тап болды. Бұл адамдар халық пікірін басқару, жеке пайда алу және елдегі маңызды процестерге әсер ету үшін өздерін қоғам қайраткерлері ретінде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Саясат басылымы жазды.
Интернет басылымның хабарлауынша, саяси алаяқтар көбінесе сыбайлас жемқорлықпен күресу немесе азаматтардың құқығын қорғау желеуімен әрекет етеді. Бірақ іс жүзінде олардың уәждері қаржылық немесе саяси мүдделерге негізделген. Мұндай алаяқтар қоғам сеніміне айтарлықтай зиян келтіріп, нақты мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жұмысына кедергі болады.
Соңғы жылдары олар «заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру толқынында арнайы қызметтердің жұмысын алмастырып, беделін түсіруге ықпал жасап келеді.
Мұндай ақылға қонымсыз әрекеттің мысалы - Тоқберген Әбиевтің оқиғасы. 2017 жылы әлеуметтік желілерде саунадағы мас адам күш құрылымдары қызметкерлерінің бірін «пара алуымен» құттықтаған видео тараған. Сол кезде ел азаматтары мемлекеттік қызметшілерді сынға алып, үлкен дау туындады. Алайда, кейінірек белгілі болғандай, видеодағы адамдар мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін болып шықты.
Сондай-ақ Әбиев «Отандық БАҚ Альянсы Заң және сот төрелігі» ЖШС деп аталатын жалған ұйымды басқарған. Кейінірек Әбиев те, оның басқа серіктестері де мемлекет пен қоғамнан кешірім сұрағанына куә болдық.
Алайда, бұл оқиғалар Әбиевке сабақ болмаған көрінеді. 2022 жылы ол елордалық кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалағаны үшін ұсталған. Осылайша 2023 жылы алаяқ 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тағы бір мысал - Нұрбол Кәрімов оқиғасы. Ол билік пен бизнес өкілдеріне қысым жасау мақсатында жалған құжаттар мен жалған мәртебе қолданған. Бұл оған жұртты бопсалап, заңсыз ақша мен мүлік иемденуге мүмкіндік берген.
2020 жылы Кәрімов тағы бір алаяқтық әрекетке қатысқан: ол сыбайласымен бірге балабақша меңгерушісінен ақша талап етеді. Сол кезде Кәрімов өзін Білім және ғылым вице-министрі ретінде таныстырған.
Осындай заңсыз әрекеттері үшін 2022 жылы ол қамауға алынып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тағы бір алаяқ - Арнұр Апсейітовтің ісі де сұмдық жағдайлардың бетін ашты. Ол өзін «Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына жәрдемдесу орталығы» төрағасының кеңесшісі, ҚР Құрметті азаматы ретінде таныстырған. Бар болғаны 21 жастағы жігіт қандай еңбегі үшін осындай «жоғары атаққа» ие болғаны белгісіз. Бір жыл бұрын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қылмыскерді ұстап, 2 айға қамауға алған. Кейін алаяқ 5 жылға шартты түрде сотталды. Қазіргі уақытта оның ісі пробациялық бақылауға алынған.
Сондай-ақ кейбір деректер бойынша, 2022 жылдың мамыр айында өзін жастар істері жөніндегі сенатор ретінде таныстырған Апсейітов «Evergreen» ЖШС жоба жетекшісінен алаяқтық жолмен 20 миллион теңге алған.
Апсейітов сондай-ақ іс жүзінде жоқ, ойдан шығарылған мемлекеттік наградаларды да тапсыруен айналысқан. Өтірік медальдар БҚО кәсіпкері Марат Қайырғалиевтің атынан берілген.
Ол Алматыда өткен «Be Woman» Орталық Азия форумының сахнасына шығып, Президент жанындағы комиссия атынан сөз сөйлеп, форумның құрылтайшысы Жанна Канға «Экономикалық үлесі мен дамуы үшін, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың саясатын іске асырғаны үшін» медалін табыстаған.
Аталған жағдайлар саяси алаяқтардың қалай ел сеніміне кіріп, оңай олжаға кенелуін, мемлекеттігімізге қауіп төндіретінін айшықтап береді. Әрине, мұндай әрекеттер жауапсыз қалмауы және қайталанбауы керек. Мүдделі мемлекеттік органдар, ең алдымен Әділет министрлігі осы жағдай бойынша жағдайды бақылауға алып, түсініктеме беруі қажет.Себебі мұндай оқиғалар биліктің барлық тармағына зиян келтіреді.