• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Қазан, 2024

Жетісу облысында 475 адам көші-қон заңнамасын бұзған

114 рет
көрсетілді

Жетісу өңірінде «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қонға қатысты 475 құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 344 шетел азаматы мен 131 Қазақстан азаматы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұзушылықтардың басым бөлігі мигранттарға қатысты тіркелген. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабына сәйкес, 324 мигрант көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шара аясында шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар, атап айтқанда еліміздің 100-ден астам азаматы жауапқа тартылған. Бұл бұзушылықтар шетелдіктерді қабылдау кезінде көші-қон заңнамасының талаптарын сақтамау фактілеріне қатысты екені белгілі болды.

«Қазақстан азаматтары арасында шетелдік жұмыс күшін тартумен байланысты жағдайлар тіркелді. Осы шара барысында осындай 31 дерек анықталды. Сондай-ақ іс-шара барысында шекаралық режимді бұзудың 20 дерегі тіркелді, бұл бұзушылықтар шекаралық аймақта және жекелеген жерлерде болу тәртібінің сақталмауымен байланысты», делінген хабарламада.

Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтардан басқа, ауыр құқық бұзушылықтар да анықталған. Мәселен, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.