• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
Бокс 22 Қазан, 2024

Кәсіпқой боксшы ұлттық құрамаға қайта оралды

166 рет
көрсетілді

Кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық құрамамен бірге жаттығуға кірісіп, әуесқой боксқа оралмақ, деп хабарлайды Egemen.kz 

Әбілхан Аманқұл 2017 жылы Азия біріншілігінің қола жүлдегері және сол жылы әлем чемпионатының күміс жүлде иегері атанған. Ал 2018 жылы Азия ойындарының вице-чемпионы атағын алған.

2022 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қыркүйек айы аралығында ол кәсіпқой бокста 5 жекпе-жек өткізіп, оның 4-інде нокаутпен жеңіске жеткен, ал 1-ін тең аяқтаған.