• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Заң 22 Қазан, 2024

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы түрмеге тоғытылды

145 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласы Медеу аудандық сотында Нұрасыл Болатқа қатысты бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, деп жазады Egemen.kz.

Ол пробация есебінде бола тұра, алдын ала бекітілген тәртіпті үш рет бұзған. Осыған байланысты пробация қызметі сотқа өтінішхат жолдаған. 

Жоғарғы Сот мәлімдемесінде Н.Болаттың пробация талабын бұзғаны зерттеліп, дәлелденгені айтылған. 

«Н.Болаттың бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды», делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Айта кетейік, бұған дейін Н.Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған еді. Енді жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.