• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әдебиет 22 Қазан, 2024

Нобель сыйлығының иегері анасына қандай уәде берген

540 рет
көрсетілді

Жапон жазушысы Кэндзабуро Оэ 1994 жылы «ақындық қуаты арқылы адамзат алдындағы қиыншылықтарды айқындайтын көркем кеңістік жасап шығарғаны» үшін Нобель сыйлығымен марапатталады. Алайда бұл жаңалық анасын аса қуантпаған сияқты.

Жазушы сұхбатының бірінде былай деп ағынан жарылады:

«Бала кезімде мен анама Нобель сыйлығын аламын деп уәде бердім. 50 жылдан кейін анама: «Көрдіңіз бе, мен уәдемді орындадым. Мен Нобель Сыйлығын алдым», десем, «Жоқ, сен Нобельді физикадан аламын деп уәде бергенсің», деп күлген еді анам».

Шамасы жазушының анасы баласының физик болғанын қалаған шығар. Иә, бұл жай ғана жарасымды әзіл. Әйтпесе баласы бәйгенің алдынан келсе қуанбайтын ана бар ма?