• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Мәдениет 22 Қазан, 2024

«Скафандр және көбелек» кітабы қалай жазылды

459 рет
көрсетілді

Ерік-жігері мықты адамның бағындырмайтын белесі жоқ. Алға қойған мақсатына жетпей қоймаған сондай жандардың бірі француз журналисі Жан-Доминик Боби.

Ол 43 жасында алған инсульттен кейін денесінің барлығы сал болып қалды және айналадағылармен тек сол көзін жыпылықтату арқылы сөйлесе алды. Сөйтсе қаламгер науқасқа шалдықпай тұрып кітап жазуға келісімшарт жасасқан екен. Осылайша «уәде - құдайдың мөрі» деп дертіне қарамастан кітап жазуға кіріскен. Оның қасында көмекшісі болған. Ол француз тіліндегі бүкіл әріптерді реттілігімен автордың көз алдына әкеледі. Ал Боби болса көзін ашып-жұмып қажетті әріпті көрсетеді. Осындай ыждағатты еңбекпен «Скафандр және көбелек» атты кітап жарыққа шығады және екі ай өтпестен бестселлерге айналады.