• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Республика күні 22 Қазан, 2024

Елорда жастары ерекше челлендж ұйымдастырды

111 рет
көрсетілді

Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары «Менің елім – менің туым!» челленджін қолдады. Ерекше акция ұйымдастырып, үйлердің балкондарына 1000-ға жуық ту ілінді, деп хабарлайды  Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Патриоттық акция жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар елорда көшелерінде жүрген жолаушылардың да назарын аударды. 

«Жұмысқа бара жатқанымда Республика даңғылындағы үйлер мемлекеттік тумен безендірілгенін көрдім. Әдетте жұмыстан басқа ешнәрсе ойламаймыз, ал мына көрініс жүрегіме жылылық сыйлады. Меніңше, жұрттың ойын күнделікті күйбең тірліктен бөліп, бәріміз бірлігі жарасқан егемен елдің көк туының астында өмір сүретінімізді еске салу ерекше сезімге бөлейді», деді қала тұрғыны.

Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы, Қабанбай батыр, Тұран, Республика, Қошқарбаев даңғылдарында, Нәжімеденов, Сарайшық, Сығанақ, Достық және т.б. көшелер), жол бойында ҚР тулары желбіреп тұр.