Дәнекерлеуші Ермахан Манқараев шақырту бойынша пәтерге келіп, газ жабдығын тексеру барысында көміртегі тотығының қауіпті деңгейін анықтап, дереу шара қолдана бастаған. Жұмыс барысында ол көрші пәтер жақтан шығып жатқан талмаусыраған әлсіз дауысты естіген. Қосалқы кілт арқылы есікті ашып кірген кезде ес-түссіз жатқан балаларды және ауыр халдегі ананы көрген. Ол құрылғыларды бірден ажыратып, терезелерді ашып, тынысы жоғалған ұлдарға жансақтау әрекеттерін, жанама жүрек массажын жасай бастаған.
Осылайша, дәнекерлеуші сауатты әрекеттерімен қайғылы жағдайдың алдын алған. Отбасы ауруханаға көміртегі тотығымен ауыр уланумен түскен.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков газ саласы маманының батылдығы мен кәсібилігін атап, оны марапаттады.