«Қазгидромет» синоптиктері 23 қазан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкентте түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.