• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Марапат 23 Қазан, 2024

Жазушы Нұрлан Оразалин «Отан» орденімен марапатталды

231 рет
көрсетілді

Республика күні қарсаңында Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп жазады Egemen.kz.

Осы қатарда «Отан» ордені де бар. 

«Биыл «Отан» орденімен Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры С.Жошыбаев пен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Оразалин марапатталды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сейітхан Жошыбаев - Медицина ғылымдарының докторы, академик, Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры. Сейітхан Жошыбаев 85 жасына дейін 3 мың адамның жүрегін қайта соқтырып, әлі күнге дейін операция жасайды.

Нұрлан Оразалин - 1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Дихан (қазіргі Көкбастау) ауылында дүниеге келген. Ол еліміздің саяси, мәдени, өміріне қоян-қолтық араласып, рухани кеңістігіміз бен ұлттық ойлау жүйеміздің тұтастығын сақтауда қайраткерлік қарым танытып жүрген тұлға. Алғашқы өлеңдері «Жас керуен» (1969), «Көктем тынысы» (1975) ұжымдық жинақтарына енген. «Беймаза көңіл», «Көктем көші», «Жетінші құрлық», «Адамзатқа аманат», «Құралайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», «Сырнайлы шақ», «Жүрекжарды», «Жасыл от» («Зеленый огонь» орыс тілінде), «Қоздағы шоқ» атты жыр жинақтары мен үш томдық таңдамалы жыр кітабы, «Азаттық айдыны» атты көркем публицистикалық-эссе толғаулар кітабы, «Қырғын» атты драмалық шығармалар жинағы жарық көрді.