• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2024

Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне орала ма

144 рет
көрсетілді

Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы мәселенің нүктесін қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Жұманғариннің айтуынша, тиісті шешім қабылдаудың белгілі бір ережелері бекітілген.

«Үкімет шешім қабылдағанда үнемі референдум өткізудің қажеті жоқ, ол үшін алқалы орган бар. Бұл жағдайда шешім қабылдаудан бұрын қажетті зерттеулер жүргізіліп, шешім қабылданды. Осыдан кейін нормативтік-құқықтық актілер аясында өтініш түсіп, ол белгіленген тәртіпте қаралып, барлық оң және теріс жақтары тиісті топтарда қаралды. Соңғы шешім қабылданды», деді Серік Жұманғарин.

Ол бұл мәселені қысқа мерзімде емес, орта мерзімді перспективада зерттеу зерек екенін тілге тиек етті.

«Енді Үкімет бұл мәселені көтеріп, қайта-қайта түсініктеме беруді көздеп отырған жоқ. Шешім қабылданды, петиция қаралды. Осымен тоқтайық», деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 наурызында Қазақстан 5-ші сағаттық белдеуге ауысты.