Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша кәмелетке толмаған 20-дан астам азамат алаяқтардан зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына ақшалай кредиттерді ресімдеу жоспарын әзірлеген.
Хабарламада айтылғандай: «Жәбірленушілердің ақшаларын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген».
Сонымен қатар, жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% түріндегі сыйақы үлесін аласыңдар, деп алдаған.
«Осылайша, кәмелетке толмаған 20 жәбірленушінің 11 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған», делінген хабарламада.
Сот үкімімен жәбірленушілерге келтірілген залал толықтай өндіріліп кінәлі тұлға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.