Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионы осыдан 60 жыл бұрын пайдалануға берілген еді. Облыс орталығындағы бұл нысанды жаңартып, әлемдік стандартқа сәйкестендіру жұмыстары Республика күні қарсаңында аяқталып, көпшіліктің көзқуанышына айналды.
Стадион Футбол федерациясының «АLAN» жобасының арқасында, әлемдік стандарттар талаптарына сәйкес келетін деңгейде жөндеуден өтті. Жаңа алаң қалалық, облыстық, республикалық жарыстарды, Премьер-лига ойындарын жоғары деңгейде өткізуге арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Жаңарған стадионның ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Д.Рыспеков, Футбол федерациясының президенті Ә.Бәрменқұлов қатысты.
«Облыстың «Ulytau» футбол клубының ойыншылары енді FIFA-ның барлық заманауи стандартына сәйкес келетін футбол алаңында матч өткізіп, жаттығу жасайтын болады», деді құттықтау сөзінде өңір басшысы Дастан Адайұлы.
Жезқазған