Бүгін таңертең қаладағы Бостандық ауданы Жарокова көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан өрт шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушылардың айтуынша, бесінші қабаттағы пәтердің бір бөлмесі мен балконы өртенген.
Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеген. ТЖМ күштері өртті 15 шаршы метр алаңда сөндірген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенге дейін тұрғындар өз бетінше далаға шығып үлгерген. Тұрғындарды жылыту үшін өрт орнына арнайы техника жіберілген.