• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Есірткі 24 Қазан, 2024

Желіде есірткі жарнамалаған арналар бұғатталды

105 рет
көрсетілді

Алматы қаласының прокуратурасы есірткі мен психотроптық заттарды жарнамалап, таратумен айналысқан 16 Telegram-арнаны бұғаттады, деп жазады Egemen.kz.

Тексеру барысында тыйым салынған заттарды сатып алушыларға «таратушы» жұмысы да ұсынылғаны анықталды. Нәтижесінде сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын орындады.

Заңсыз іспен айналысқан Telegram-арналардың қызметі тоқтатылды. Кінәлілерді жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру үшін полицияға жолдады.