Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында 41 жастағы өзге ел азаматын қолға түсірген.
«Ер адам көрші елдің кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған. Ол 11 жыл бойы қылмыстық құдалаудан жасырынған», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауда отыр. Оны экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.