• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2024

30 азамат – жаңа пәтер иесі

333 рет
көрсетілді

Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданында жаңа пәтерлер пай­далануға берілді. Баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға жататын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 30 азамат соңғы үлгіде салынған баспанаға қол жеткізді. Үйде мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасалған.

Салтанатты іс-шарада сөз алып, жаңа пәтерлердің кілтін табыстаған қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов: «2022 жылдан бері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Осындай айтулы іс-шара аясында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған тұрғындардың баспанаға қол жеткізуі – ел игілігі жолында қызмет атқарып жатқан барша жанның нәтижелі жұмысы. Жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отырған баршаңыздың шаңырақтарыңыз берекеге толсын», деп ізгі тілегін арнады.

Семей қаласында кейінгі жылдары құрылыс қарқыны артып келеді. Осыған дейін бой көтерген тұрғын үйлерден 525 отбасы жаңа пәтердің кілтін алған. Тамыз айында 237 пәтердің кілттері кезек тәртібімен табысталса, биыл наурыз айында да Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 77 азамат бас­панамен қамтылды. Ал өткен жылы 211 отбасы пәтерге ие болды.

 

СЕМЕЙ