Ұлытауда «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Ұлытау облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтер өтті, деп жазады Egemen.kz.
22-23 қазан күндері Жезқазған қаласындағы Ұлытау облысының «Аманат» партиясының филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті.
Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты.
Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – «Қарағанды облысы дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ ақпараттық-түсіндіру, талдау және қарсы настихаттау жұмысы бөлімінің басшысы Далабаева Гульнар Бакенқызы және әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы семинар оқыды.
Далабаева Гульнар Бакенқызы «Важность критического мышления в жизни каждого человека» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады. Сондай-ақ, «Социальные сети как один из ресурсов информационного противодействия распространению радикальной идеологии» тақырыбында қатысушыларға психокоррекциялық жұмыста қолданылатын тұлғаны зерттеу әдістерін түсіндірді.
Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізі ретінде» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ, «Қазақстандағы діни ахуал: проблемалар мен тенденциялар» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.
Сонымен қатар, семинар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.