• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Республика күні 25 Қазан, 2024

Елдіктің бастауы болған бұл күннің мәні зор - Мәулен Әшімбаев

343 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Республика күнінің мәніне тоқталып, ел азаматтарын мерекемен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

«Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, 25 қазан азаттықтың алтын қазығы қағылған күн ретінде қастерлі. Осы мерекеге орай еліміздің барлық өңірінде көк байрағымыз көтеріліп, салтанатты рәсім өтті.

Шын мәнінде, Егемендік туралы декларация – Тәуелсіздікке жол ашқан аса маңызды құжат. Сол арқылы халқымыздың ғасырларға жалғасқан мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырды.

Осындай тарихи сәтті ұлықтау егемендіктің қадір-қасиетін арттырып, қоғамда отаншылдық рухты дәріптейді. Сондай-ақ мұндай қадам ұлтты ұйыстырып, халықты жігерлендіре түседі. Сондықтан еңселі елдіктің бастауы болған бұл күннің мәні зор.

Баршаңызды ұлттық мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр отбасына шаттық тілеймін!

Егемендігіміз баянды болып, Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін», делінген Мәулен Әшімбаевтың құттықтауында.