Мысықпен бірге тұру иесінің физикалық және психикалық денсаулығына жақсы әсер ете алатыны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Medicalxpress порталының мәліметтеріне сенсек, көп жағдайда мысық иелері оларды отбасы мүшесі ретінде жиі қабылдайтыны жазылған.
«Нидерландта 1 800 мысық иесі қатысқан зерттеуде олардың жартысы мысықтарын отбасыларының мүшесі деп санайтынын айтты. Әрбір үшінші адам өз мысығын баласы немесе ең жақын досы ретінде қарастырады. Жануарды адал, қолдау көрсететін және сезімтал деп есептеген», делінген басылымда.
Мысық иелері жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болу қаупін төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар мысықтар адамның психологиялық күйіне оң әсер етеді. Депрессияда жүрген науқастарда мысықты сипау немесе ойнау аурудың белгілерін азайтатын көрінеді.
Жалпы практика дәрігері Сергей Алендеев мысыққа және басқа үй жануарларына күтім жасау жауапкершілікті талап ететінін айтты.