Албанияда күрес түрлерінен U23 санатында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз финалға дейін 3 балуанды жеңіп шықты. Алғашқы белдесуінде Канада балуанын 11:0 есебімен уақытынан бұрын жеңіп шықты. Ал ширек финалда Беларусь спортшысын да 10:0 есебімен жеңді. Ал финалға шығар сында ресейлік Шамил Гаджиалиевті 7:4 есебімен жарыс жолынан шығарды.
Ризабек финалда ирандық балуан Махди Морахпен күреседі. Финалдық белдесу Қазақстандағы уақытпен кешкі сағат 20:00-де басталады.