• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 12:15

Астанада Марат Бисенғалиевтің концерті өтеді

35 рет
көрсетілді

30 қазанда «Астана Опера» сахнасында әлемге әйгілі  скрипкашы, Қазақстанның ізгі ниетті елшісі Марат Бисенғалиевтің ауқымды «Симфониялық концерті» өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz  «Астана Опера» театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концерт дирижері ретінде Марат Бисенғалиевтің өзі өнер көрсетеді, сондай-ақ ол скрипкада соло орындайды. Бағдарламадағы әрбір шығарма халқымыздың мәдениеті мен тұрмысының белгілі бір аспектілерін бейнелейді. Олардың қатарында «Дала», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қарлығаш», «Дударай» және тағы басқалары бар.

Марат Бисенғалиев – әлемдік деңгейдегі көрнекті скрипкашы. М.Бисенғалиев классикалық және ұлттық репертуарға инновациялық көзқарасымен және өзінің батыл интерпретацияларымен танымал.