• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қазан, 2024

Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынды

131 рет
көрсетілді

Тәліптер әйелдерге қоғамдық орындарда бір-бірімен сөйлесуге тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz Bild мәліметіне сілтеме жасап.

Талибан «ізгілікті насихаттап, көргенсіздікті жоюға» бағытталған бірқатар заң қабылдады. Бұл кодекске сәйкес, әйелдің көпшілік алдында шыққан даусы «көргенсіздік» болып саналады.

БҰҰ «ізгілік пен көргенсіздік» деп аталатын шектеулерді айыптап, олардың қабылдануына алаңдаушылық білдірді.

2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамсыз саяхаттауға және көпшілік алдында, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.

Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға тыйым салынады. Сұлулық салондарына да тыйым салынды. Әйелдерге арналған баспаналар жабылды.