• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 14:10

Әлем чемпионаты: 3 боксшымыз ширек финалға шықты

37 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Пуэблода қаласында бокстан алғаш рет 19 жасқа дейінгі былғары қолғап шеберлерінің арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бұл біріншілікте әлемнің 30 елінен 180 спортшы бақ сынайды. 

Жарыстың алғашқы күні 70 келіде шаршы алаңға шыққан Диас Серікұлы Алжир боксшысынан басым болды. Бәсекенің екінші күні 55 келіде ел намысын қорғап жатқан Ерасыл Аманғалиев пен Асылхан Көшербай (65 келі) чехиялық қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңді.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 85 келіде жүлдеге таласатын ел боксшысы Даниял Райымбеков жеребе бойынша бірден жартылай финалда өнер көрсетеді.