Бұған дейін желіде малшы мас күйінде жолдастарына аңшы мылтықпен оқ атқаны туралы ақпарат пайда болған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне шығарылған. Ал тағы бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылған.
«Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 39 жастағы күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.