• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.81
  • EUR:
    527.62
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Алматыда автобус жүргізушісін қорқытқан бұзақы ұсталды

57 рет
көрсетілді

21 қазан күні Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін қорқытқан тұрғын қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.

Бұл оқиға полицейлерге әлеуметтік желідегі жазбаларды бақылау кезінде мәлім болған. 

Куәгерлердің видеосында бұзақының автобустың есігін теуіп, одан кейін пышақ сияқты затты сілтеп, жүргізушіні қорқытқаны байқалады.

Полицейлер оны ұстау барысында қалада орнатылған бейнебақылау жүйелеріне талдау жасаған.

«Оқиға 21 қазан таңертеңгі уақытта Назарбаев пен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасында болғаны анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдікті мен автобус жүргізушісі арасындағы кикілжің аялдама орнында тұрған көлікке өтіп бара жатқан адамның міну ниетінен туындағаны белгілі болды. Жүргізуші оған ескерту айтқанда, өтіп бара жатқан адам құрылыс пышағын шығарған. Ешкім зардап шеккен жоқ», деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.