• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:23

Әділет кеңесшісі самбодан әлем чемпионатында «күміс» еншіледі

29 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкері Душанбеде өткен бәсекеде топ жарды, деп жазады Egemen.kz. 

Осыған дейін аталған күрес түрі бойынша Азия және Океания чемпионы атанған Нұрлан Аманиязов осы жолы Душанбе қаласында шеберлер арасында самбодан өткен әлем чемпионатында «күміс» иеленді.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, Әділет кеңесшісі Н.Аманиязов прокуратура органдарында 18 жылдан астам қызмет етіп келеді, қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарады.

Күміс жүлдегердің айтуынша, самбо жаттығулары оның дене бітімін сақтауға ғана емес, сонымен қатар кәсіби қызметінде өзін-өзі тәрбиелеуде маңызды аспекті болып саналады.