• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Заң 28 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот А.Алтынбаевқа қатысты ақтау үкімін күшінде қалдырды

149 рет
көрсетілді

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында А.Алтынбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот үкімімен Алтынбаев ҚК-нің 245-бабының 2-бөлігі 1) тармағы (салық төлеуден жалтару) бойынша кінәсіз деп танылып, қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. 

Сот алқасы істі зерделеп, мынадай қорытындыға келді:

ҚПК-нің 19-бабына сәйкес, сотталушының кінәлілігіне сейілмеген күмән оның пайдасына түсіндіріледі.

Осылайша, куә А. сотта 2019 жылдың шілде айынан бастап, 2021 жылдың маусымына дейін Алтынбаев ЖШС директоры болып тағайындалғанын, декларацияны жұмыс істеген кезеңі үшін өзі тапсыратынын, ал Алтынбаев 2019 жылдың 3-тоқсанынан салық декларациясын тапсыра бастайтыны туралы онымен келісім болғанын атап көрсетті.

2019 жылғы кезең үшін ф.100.00 (КПН) салық есептілігін ол 2020 жылдың 25 мамырында өзі тапсырған, өзінің электрондық цифрлық қолтаңба кілтімен қол қойған.

Алтынбаев 2020 жылдың мамыр айынан бастап коронавируспен ауырып, ол директордың міндеттерінің орындалуын өзіне тапсырған және ЖШС-ның барлық қаржылық және басқа да құжаттарға қол қою құқығын өзіне қалдырған.

Қазіргі уақытта ол ЖШС басшысы ретінде ай сайын 5 млн теңге салықтық қарызды төлеп жатыр, 2023 жылдың қарашасында оның қарызды өтеу сомасы шамамен 48 млн теңгені құраған. 

Бұл айғақтарды басқа куәгерлер - ЖШС қызметкерлері растады.

Сот ЖШС-нің салық декларациясын зерттей келе, 2019 жылғы 2-тоқсан кезеңіне ф.300 нысандағы салық есептілігі (ҚҚС) және 2019 жылғы кезең үшін ф.100.00 (КПН) декларация үшін 2019 жылғы 2 тамызда және 2020 жылдың 25 мамырында шын мәнінде ЭСҚ кілтімен А.-ның қол қойғанын, ал ф.300 (ҚҚС) нысанды декларацияға 2019 жылғы 3 тоқсан кезеңі үшін ЭСК-пен қол қойған Алтынбаев екенін анықтады.

Осылайша, Алтынбаев 2019 жылдың 3-тоқсаны үшін есептелген ҚҚС бойынша 42 млн теңге көлемінде ғана жауапкершілікке тартылуы керек.

Бұл сома елеулі залал болып табылмайды, ҚК-нің 245-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі.

Осындай жағдайда сот алқасы Алтынбаевқа қатысты сот актілерін өзгеріссіз қалдырып, наразылықты қанағаттандырудан бас тартты.