Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның 1000-нан астам құрылыс компанияларын біріктіретін Испан өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Тараптар су инфрақұрылымын салу және кадр даярлауда ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шетелдік делегация министрге Испанияда және басқа мемлекеттерде жүзеге асырылған ірі жобалар туралы айтты. Өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, испандық құрылыс компаниялары Қазақстанның су шаруашылығы нысандарында жұмыс істеуге ниетті.
Сонымен қатар шетелдіктер сала мамандарының біліктілігін арттыру бойынша да қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
«Бүгінгі таңда испандық компаниялармен жерасты суларын барлау және зерттеу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бізге испан инженерлерінің тәжірибесі, сонымен қатар бірлесіп маман даярлау мүмкіндігі қызық», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.