• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қазан, 2024

Жамбыл облысында екі жасөспірім өзіне қол салған

107 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға Байзақ ауданы Түймекент ауылында болған. Екі факті бір тәулік ішінде тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған фактілер бойынша Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

«Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтерді таратуға тыйым салынған», деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.