Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекетке пайдаланылмайтын жер учаскелері қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 150 млн теңгені құраған, жалпы ауданы 15 мың гектарды құрайтын 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған 6 жер телімі қайтарылған.
Сондай-ақ аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 млн теңгені құрайтын ауданы 59,2 мың гектар 8 жер телімін алып қою бойынша азаматтық істер сотта қаралып жатқандығы хабарланды.