• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 29 Қазан, 2024

Саясат Нұрбек Coventry University Kazakhstan студенттерімен кездесті

130 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанадағы Coventry University кампусының студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту және нығайту мақсатында жүргізіп жатқан реформалары туралы айтып берді. Оның ішінде Орталық Азияда білім беру хабын құру жоспарлары туралы.

«Астанада Сoventry University Kazakhstan ашылуы – тарихи оқиға. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында іске қосылған заманауи жаңа кампус Астана білім хабының қалыптасуына берік негіз қалайтыны анық. Жаңадан ашылған Coventry University Kazakhstan оқу орны жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытуға, үздік шетелдік оқытушылар, тәжірибелі мамандар мен дарынды студенттерді тартуға, елордада жаңа жұмыс орындарын ашуға тың серпін беретініне сенімдімін. Астанадағы Coventry университеті қазақстандық және шетелдік студенттерге жергілікті және халықаралық еңбек нарығының бәсекеге қабілетті маманы болу үшін британдық дипломмен расталған озық білім мен дағдыларды алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады», деді министр.

Ведомство басшысының кездесуі «сұрақ-жауап» форматындағы дәріске ұласып, кездесуге қатысушылар министрмен диалогқа белсенді қатысты.

Министр жастармен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты жақсарту үшін студенттермен мұндай кездесулер мен диалогтардың қажет екенін, бейресми ортадағы қарым-қатынас  өзара түсіністікке қол жеткізуге көмектесетінін атап өтті.