Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Есіл ауданының Явленка ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Дереу жеткен өрт сөндірушілер алауды әп-сәтте сөндірген және ешкім зардап шекпеген.
«Төтеншеліктер отқа оранған үйден 27 литрлік газ баллонын алып шығып, қайғылы жағдайдың алдын алды», делінген ведомство хабарламасында.