• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қазан, 2024

Оралда халықтың ақшасын жымқырған жалған жиһаз жасаушы сотталды

122 рет
көрсетілді

Орал қаласының тұрғыны жеке кәсіп ашып, жиһаз шығару үшін цех ғимаратын жалға алып, қылмыстық әрекеттерін жасырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ әртүрлі интернет-жарнама платформаларында жиһаз жасауды ұсынатын ақпаратты орналастырған. Кәсіпкерлік қызметтің көрінісін жасай отырып, ол тұтынушылардың үйіне келіп, қажетті өлшемдерді жасап, кейіннен азаматтарды тапсырыстың орындалып жатырғанына сендірген.

«Тапсырысты орындау үшін жалған жиһаз жасаушы азаматтарға жиһаздың қосалқы заттарының фотосуреттерін жіберген, сонымен қатар материалды сатып алу үшін үшінші тұлғалармен келісімдер бар деп сендірген, осылайша жәбірленушілерді алдаған. Нәтижесінде 7 жәбірленушіге 8 633 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Сотта сотталушы жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қарым-қатынастың бар екенін алға тартып, кінәсін мойындамаған. Алайда мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеген.Нәтижесінде, кінәлі тұлға екі немесе одан да көп адамға қатысты ірі көлемде жасалған алаяқтық үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.