Тиранада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова белдесуін сәтті өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық құраманың көшбасшысы Молдова спортшысы Эмилия Крекуинді таза жеңді.
Осылайша 72 келіде ел намысын қорғайтын Жәмилә Бақбергенова ширек финалға шықты.
Туризм және спорт министрлігі осы бәсекеде бақ сынап жатқан отандастарымыз Зульфия Яхьярова (55 кг), Диана Каюмова (59 кг) және Ирина Казюлинаның (65 кг) алғашқы белдесуде жеңіліп қалғанын хабарлады.