Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, боксшыға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған.
«Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, сараптама қорытындылары бойынша зорлау фактісі расталмады», делінген полиция хабарламасында.